Бас жаңалықтар
Биыл көкпардан әлем чемпионаты өтеді
10 Қаңтар 2019, 12:09 160

Биыл көкпардан әлем чемпионаты өтеді

Астана, baq.kz. Көкпардан кезекті Әлем Чемпионаты 2019 жылдың қараша айында өзбек елінде өтеді. Бұл туралы Ташкентте болған көкпар федерацияларының халықаралық жиынында айтылды.

Конгреске Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Ауғанстан, АҚШ, жалпы жиыны сегіз елдің өкілдері аталмыш бәсекеге қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, Көкпардан ІІ Әлем чемпионатына дайындық жұмыстарын пысықтады.

Жиынға қатысушылардың хаттамаға түскен ортақ шешімі бойынша, жарыстың ережелерін нақтылауға арналған кезекті Конгресс Астанада өтетін болып бекітілді.

Еске сала кетейік, 2017 жылы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында көкпардан тұңғыш Әлем чемпионаты Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық Қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен еді. Мәртебелі жарысқа АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Венгрия және өз еліміздің көкпаршылары қатысты.

Жалпы жүлде қоры 18 миллион теңгені құраған І Әлем чемпионатының ақтық сынында Қазақстан құрама командасы айыр қалпақты ағайындарды 3:1 есебімен жеңіп, Әлем чемпионы атанған еді.

Сізден жаңалық