Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. Оның айтуынша, министрлік Маңғыстау облысының мұнай өндіру профилін дайындаған көрінеді.
Алайда 2025 жылдан бастап өндірудің шамалы төмендеуі байқалуы мүмкін.
Бұл ретте мұнай мен газ өндіруді арттыру үшін Маңғыстау облысы айтарлықтай әлеуетке ие. Жаңа теңіз жобаларын іске қосу, атап айтқанда, Хазар және Қаламқас-теңіз кен орындарын игерудің арқасында2028 жылдан бастап жыл сайын жоспарланған мұнай өндіру шамамен 4 млн тоннаға жетеді.
2028 жылдан бастап мұнай өндіруді 19,5 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда, - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.
Болжам бойынша инвестиция көлемі шамамен 4,5 млрд АҚШ долларын құрайды. Осы жобаларды іске асыру инфрақұрылымын жүктей отырып, өңірдің сервистік кәсіпорындарын жаңа жұмыс және қызмет көлемдерімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, - деді Энергетика министрі.
Айта кететін жайт, бұл жобалар Кешенді даму жоспарына кірмеген. Себебі оларды іске асыру 2025 жылдан бастап көзделіп отыр. Алайда олар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Доңға кен орнына 70 млрд теңге инвестиция құйылатыны туралы жазған болатынбыз.