Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2025 жылға дейін елде тағы 600 экспорттаушы компания пайда болмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
Оның мәліметіне сүйенсек, министрлік экспорттық акселеряцияны қолдаудың жаңа жүйесін іске қосты.Кәсіпкерлер экспорттық дамудың жаңа мүмкіндіктеріне ие болады. Экспортталатын тауарды мемлекеттік қолдау, нарыққа шыққанға дейінгі процестердің барлығына көмектесу механизмі қарастырылған. 2025 жылға дейін экспорттық акселерацияны қолдаудың аясында 600-ге жуық экспорттаушы компания пайда болады деп күтілуде. Қазіргі күні елде 400 экспорттаушы кәсіпорын бар, - деп атап өтті Бақыт Тұрлыханұлы.Бұл өз кезегінде экспорт көлемін 410 млн долларға дейін артыруға көмектеседі. Сондай-ақ министр, бүгінгі күні 40 қазақстандық азық-түлік өндіруші компанияны Қытай нарығына шығаруға іріктеліп алынғанын атап өтті.
Бұған дейін минстр әлемдік пандемия Қазақстанның экспорт көлеміне қалай әсер еткенін айтқан болатын.