Алаяқтарға құқықтық сауаты жоқтар мен оңай олжаны көксегендер алданады

27 Қараша 2021, 10:47
677
Бөлісу:
Алаяқтарға құқықтық сауаты жоқтар мен оңай олжаны көксегендер алданады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Елорда әділет орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алишер Ибраев хабарлады. Оның айтуынша, ұйым жұмысына «Демеу» әлеуметтік волонтерлік жобасы қолдау көрсетіп отыр.

Алаяқтық қылмыс қазіргі таңда кең етек жайған. Қоғам әрқашан қылмыстың бұл түрімен күресіп келеді. Алишер Ибраев басқаратын ұйымның мақсаты – «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүретін «пысықайлардан» зардап шеккен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тегін көмек қолын ұсынып, құқықтарын қорғау. Айта кету керек, ұйым "Демеу" әлеуметтік еріктілер жобасының грант алушыларының бірі болып табылады, оның мақсаты ауыл тұрғындарына медициналық, психологиялық және заңгерлік кеңес беру. Осы жоба аясында ұйым ауыл тұрғындарының көптеген мәселелерін анықтай алды.

Алаяқтарға құқықтық сауаты жоқтар мен оңай олжаны көксегендер алданады

Сондай-ақ заңгер жеңіл пайда табуды көздеген немесе бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізуді қалайтындар да алаяқтардың құрбанына айналып жатады деп отыр.

Біздің бірлестікке де күн сайын қаншама адам жүгінеді. Олардың басым көпшілігі – алаяқтарға алданғандар. Әсіресе, жылжымайтын мүлік нарығында «тұрғын үй кооперативі» атын жамылғандарға соңғы тиынын санап беріп, сан соғып қалғандар қаншама! «Тез арада баспаналы боласың» дегендерге кейбір адамдар барын беруге дайын, - деп атап өтті Алишер Ибраев.

Сонымен қатар косметологиялық қызмет көрсететін нысандарға алданып, несиенің құрсауында қалатындар да баршылық.

Алаяқтарға құқықтық сауаты жоқтар мен оңай олжаны көксегендер алданады

Өз тәжірибемізден мысал келтірсем, жақында бір әйел адам көмек сұрап келді. Косметологиялық орталықтың құрығына түсіп, 150 мың теңгеге несие алыпты. Шартты дұрыс оқымастан олардың арбауына көніп, қол қоя салған. Оған қызмет көрсетілмесе де, ай сайын 15 мың теңге төлеуге міндеттелген. Қазір сол іс бойынша көмек қолын созудамыз, - деді бірлестік басшысы.

Сондай-ақ білікті заңгер елорда іргесінде орналасқан Қосшы қаласындағы тұрғын үйлердегі кәсіпкерлік нысан иелерінің шағымын айтты.

Алаяқтарға құқықтық сауаты жоқтар мен оңай олжаны көксегендер алданады

Тұтастай бір шағын аудандағы тұрғын үй емес үй-жайлардан кәсіптерін ашқан 300-ден астам шағын және орта бизнес өкілдері сауда жасайтын ғимараттарын заңдастыра алмай жүр. Осы орайда жергілікті әкімдіктің әрекетсіздігін айта кету керек. Одан бөлек, қаржы пирамидалары мен өзге де алаяқтық әрекеттерге алданғандар көп, - деп отыр ұйым төрағасы.

Бірлестік неғұрлым көп адамның құқықтық сауатын ашып, тегін заңгерлік көмек көрсетіп, олардың мүддесін қорғау – азаматтық парызымыз деп санайды.

Өзгелердің жаңалығы