Алакөл жағасына тарихтан сыр шертетін балбал тастар жеткізілмек

10 Маусым 2020, 17:04
2561
Бөлісу:
Алакөл жағасына тарихтан сыр шертетін балбал тастар жеткізілмек

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алакөл жағасындағы музейге түркі заманынан сыр шертетін балбал тастар жеткізілуі мүмкін. 

Бұл жөніндегі тапсырманы Үржар ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Даниал Ахметов берді. Алакөл жағасындағы Арбатты аралап, Қабанбай ауылындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысқан өңір басшысы ауылдағы музейді заманауи технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Бұл, бірінші кезекте, келімді-кетімді туристерге аймақ тарихымен виртуалды алаңда танысуға мүмкіндік беру үшін жасалып отырған шара. Сонымен қатар, аймақ басшысы музей алдына ел тарихынан сыр шертетін петроглифтері бар тақталар мен балбал тастарды әкеп орнату жайында тапсырма берді.
Бұл жерде жақсы жұмыстар атқарылғанын көріп тұрмын. Өткен жылмен салыстырғанда көлемді өзгерістер орын алған екен. Дегенмен, бұл сіздер мен біздер атқаратын маңызды жұмыстың жартысы ғана. Жақын арада әуежайдың жобалық-сметалық құжаттамасы дайын болады. Барлығы дұрыс болса, құрылыс жұмыстары биыл басталып кетеді, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Қабанбай ауылын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары да қатар жүргізілуде.  
Өзгелердің жаңалығы