Қалааралық автобустарға қашан рұқсат беріледі?

14 Мамыр 2020, 18:41
1920
Бөлісу:
Қалааралық автобустарға қашан рұқсат беріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов қалааралық автобустарға неге рұқсат берілмей жатқанын айтты.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда бірінші мамырдан бастап әуе рейстері ашылды. Ал бірінші маусымнан ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынай бастайды. Дегенмен, қалааралық автобустар қатынасына қойылған шектеу әлі алынған жоқ. Өйткені ұшақпен және теміржол көлігімен сапарлаған кезде, жолаушылардың арақашықты ұстауын, маска тағу режимін орындауын қадағалайтын жолсеріктер болады. Ал қалалар арасында автобуспен тасымалдауда ондай қадағалау жоқ, - деді Байғабылов.
Оның айтуынша, автобуста тек жүргізуші ғана отырады және оның мақсаты – көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 
Сондықтан автобустарда жолаушыларға қатысты жағдайды бақылайтын адамның болмауына байланысты, қазіргі кезде қалалар арасында автобус қатынасын жандандыруға әлі ерте. Бірақ өңірлерде коронавируспен байланысты жағдай тұрақталса, автобус қатынасын ашу мәселесін қарастырамыз, - дейді көліктегі бас санитар.
Сонымен қатар, блок-бекеттердің алынуы да жағдайдың тұрақталуына байланысты.
Өзгелердің жаңалығы