Ақылы жолдарда жүргізушілерге көмек тегін болады – ҚазАвтоЖол

5 Наурыз 2021, 11:46
1896
Бөлісу:
Ақылы жолдарда жүргізушілерге көмек тегін болады – ҚазАвтоЖол

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетіледі, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК өкілдері Павлодар облысындағы қоғамдық тыңдауда.

Облыстың Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында Нұр-Сұлтан – Павлодар, Павлодар – РФ (Омбы) шекарасы, Павлодар – Семей – Қалбатау учаскелерінде ақы алудың ашық жүйесін енгізу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Ақылы жолдарда жүргізушілерге көмек тегін болады – ҚазАвтоЖол

Алдағы уақытта тыңдау Шығыс Қазақстан облысында жалғасады. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының өкілдері Семей, Шар, Бесқарағай және Жарма аудандарының тұрғындарымен кездеседі.

Олар өңір тұрғындарына ақы алудың ашық жүйесінің жұмыс принциптерін, төлем тәсілдерін, жеңілдіктер, жол бойындағы сервисті дамыту және ақылы учаскелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін түсіндіреді.

Олардың ақпараты бойынша, Павлодар облысының үш ақылы учаскесінде пилоттық режимде 10 бақылау аркасы жұмыс істейді. Сондай-ақ клиенттермен жұмыс істейтін 4 орталықты іске қосу жоспарлануда. Павлодар – Омбы және Павлодар – Семей – Қалбатау жолдарында жеңіл көліктен төлем алынбайды.

Сондай-ақ реконструкциялау жұмыстары аяқталғанға дейін Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолындағы жөнделіп жатқан ұзындығы 24 км жол учаскесімен жүру тегін болады.

Ақылы жолдарда жүргізушілерге көмек тегін болады – ҚазАвтоЖол

Таныстырылымнан кейін сұрақ-жауап сессиясы өтті. Онда «ҚазАвтоЖол» мамандары ақылы учаскелерде жол апаты, техникалық ақау немесе жанармайдың таусылуы сияқты күрделі жағдайға тап болған жүргізушілерге қолдау көрсететін қызметтер жұмыс істейтінін хабарлады. Көмек көрсету тегін болады. Қолдау қызметін шақыру үшін 1403 қысқа нөмірі арқылы «ҚазАвтоЖол» байланыс орталығына хабарласса жеткілікті, - делінген хабарламада.

Тыңдаулардың қорытындысы бойынша Павлодар облысының жұртшылығы өңірдің жолдарын ақылы ету жөніндегі мемлекеттің жоспарларына оң баға берді. 

Сондай-ақ автожолдар жиегінің енін кеңейту, жаңа жолдар құрылысының сапасын жақсарту ұсынылды.

Ақылы жолдарда жүргізушілерге көмек тегін болады – ҚазАвтоЖол

Өзгелердің жаңалығы