Ақтөбеде вакцинаны қоғамдық орындарда да салдыруға болады

29 Сәуір 2021, 08:45
3340
Бөлісу:
Ақтөбеде вакцинаны қоғамдық орындарда да салдыруға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығындағы бұқара халық жиналатын бірнеше жерге көшпелі медициналық кешен орнатылып, вакцинаны қоғамдық орындарда да салдыруға болады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Мәселен, орталық стадионның алдында нөмірі алтыншы емхана мамандары қабылдауда. Ниет еткен жандарды терапевт-дәрігер қабылдап, медбике екпе салады. Тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарға да жауап береді. Таңертеңнен бері тек бір кешеннің өзінде 20-ға жуық адамға вакцина егілген. Өңірде әзірге «Спутник-V» препараты қолданыста. Апта соңына дейін отандық «QazVac» та жеткізіледі. Жалпы ақпан айынан бері 36 мыңнан астам ақтөбелік екпе салдырған. 

Халық өз еркімен келіп жатыр. Егер пациенттің жағдайы қалыпты болса вакцина жасауға жіберіледі. Кейін 30 минут бақылауда отырады. Бақылау бізде арғы жақ бөлігінде орнатылған. Егер науқаста 30 минут ішінде шок болған жағдайда немесе басқа да қарсы көрсеткіштер көрсетілген жағдайда бізде барлық алғашқы көмек қамтылған, – дейді қалалық №6 емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Гүлшаһида Шамырадинова.


Өзгелердің жаңалығы