АҚШ елшілігі ЛГБТ туына қатысты түсініктеме берді

17 Мамыр 2021, 11:26
3289
Бөлісу:
АҚШ елшілігі ЛГБТ туына қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше, 16 мамырда Қазақстандағы АҚШ елшілігі ғимаратында ЛГБТ-ның туы пайда болды. Әлеуметтік желілерде тараған фотоны қазақстандықтар қызу талқылап жатыр.

Әлеуметтік желідегі түрлі пабликтерде кешеден бері тараған фотолардың астында халық мұндай әрекетке наразылықтарын білдіріп, түрлі пікірлерін қалдырып жатыр.

ЛГБТ туының пайда болуына қатысты АҚШ елшілігі мәлімдеме жасады.

Бүгін ерекше күн, үмітке толы күн деп айтуға болады. 30 жыл бойы, 17 мамыр күні Гомофобия, Бифобия және Трансфобияға қарсы Халықаралық Күнін (IDAHOBIT) атап өтеміз. Осы күні әлемдегі миллиондаған адамдардың жыныстық бағдарына, гендерлік бірегейлігіне және өзін-өзі көрсетуге немесе жыныстық сипаттамаларына қарамастан, олардың құқықтарын тануға шақырамыз, - деді елшілік.

Елшілік мәлімдемесінде осы күні Қазақстандағы Лесбиан, Гей, Бисексуал, Трансгендер және Интерсекс (ЛГБТИ) қауымдастығын қолдай отырып, кемсітушіліктің барлық түрлерімен күресу керек екенін еске салатындары туралы жазылған.

Қазақстан Үкіметін қазақстандықтардың жыныстық бағдарына, гендерлік бірегейлігіне және өзін-өзі көрсетуге немесе жыныстық сипаттамаларына қарамай, олардың құқықтарын қолдау және қорғау жөніндегі міндеттерін орындауға шақырамыз. Қазақстанда ЛГБТИ қауымдастығының мүшелері әлі күнге дейін кемсітіліп, жапа шегіп, зорлық көріп жүргеніне алаңдаушылықпен қараймыз. Заңнаманы жетілдіріп, оны барлық деңгейлерде жүзеге асыру, кемсітушіліктің кез келген түрінен тиісті қорғауды қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды қабылдауға шақырамыз, - дейді АҚШ елшілігі.

Елшіліктің хабарлауынша, коронавирус пандемиясы қоғам белсенділерінің жұмысына, сондай-ақ онлайн және офлайн қорқыту мен зорлық-зомбылықтан зардап шегіп жүрген ЛГБТ белсенділері мен олардың отбасы мүшелеріне ұзаққа созылатын кері әсерін тигізуі мүмкін.

2021 жылғы IDAHOBIT-тің басты тақырыбы «Бірігіп: Қарсы тұрамыз, бір-бірімізге тіреу боламыз, аяқтан тұрамыз» сіз жалғыз емессіз деп жеткізіміз келеді. Махаббаттың көптеген түрі бар екендігін атап өтудеміз. Адам құқығының жалпыға бірдей болуына, адамдардың ар-намысын қорғауға және тепе-теңдікті қамтамасыз етуге ниеттіміз, - дейді АҚШ елшілігі.

Өзгелердің жаңалығы