АҚШ Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялауы мүмкін
19 Қараша 2021, 13:52 75

АҚШ Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялау мүмкіндігін қарастырып жатқанын президент Джо Байден растады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, дипломатиялық бойкот АҚШ шенеуніктерінің ақпан айында Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына қатыспайтынын білдіреді.

Бұл қарастырылып жатыр, – деді Байден АҚШ әкімшілігі бойкот жариялау қарастырылып жатыр ма деген сұраққа.

Екі партия белсенділері мен Конгресс мүшелері АҚШ үкіметінің Қытайды Шыңжаңның батысындағы мұсылман этникалық топтарына қарсы геноцид жасады деп айыптауын ескере отырып, Байден әкімшілігінің бұл шараға дипломатиялық бойкот жариялауын талап етті, ал Бейжің мұны жоққа шығарды.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки кезекті брифингте АҚШ-тың қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялауын қарастыруына Шыңжаңдағы адам құқықтарына алаңдаушылық себеп болғанын айтты.

Бізді алаңдататыны адам құқығының бұзылуы. Біз бұл мәселеге алаңдаймыз. Әрине, қатыспайтындай бірқатар фактор бар, – деді Псаки журналистерге.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...