Агрономдар аграрлық саланы цифрландыру бойынша дәріс алуда

4 Сәуір 2019, 09:58
2870
Бөлісу:
Агрономдар аграрлық саланы цифрландыру бойынша дәріс алуда
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысы, Шучинск қаласында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Солтүстік және Орталық Қазақстан жағдайында дәл егіншілік жүйесін енгізу. АӨК цифрландыру» тақырыбында семинар өткізді.

Шараға Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысының АӨК бизнес өкілдері қатысты.

«Ауыл шаруашылығын жаңғырту ҚазАТУ ғалымдарының басты мақсаты. Сонымен қатар университет еліміздегі ауыл шаруашылығын цифрландыру орталығы болғандықтан отандық АӨК саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Университет ғалымдары ауыл шаруашылығы саласының мамандарына өздерінің озық ғылыми әзірлемелерін ұсынады. Агрокешенді цифрландыру, дәл егіншілік саласын қолдану, заманауй құрал-саймандарды қолдану мен егізу бағдарламаларына ден қойып отыр» - дейді университеттің баспасөз хатшысы Бердібек Қабай.

Университет республиканың ауылдық округтері мен аудан әкімдерін, шаруа қожалықтардың басшылары мен мамандарын Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін оқыту бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізіп отыр.

Агрономдар аграрлық саланы цифрландыру бойынша дәріс алуда

«Оқу-семинарымыз бір апатаға созылады. Бүгін екінші күн дәріс алып жатырмыз. Бұл жерде бізге дәл егіншіліктің не екенін, кәсіпкер планшетін қалай пайдалану керегін, бір сөзбен айтқанда, өзіміздің егін егетін алқабымызды қалай тиімді пайдалану керектігін үйретіп жатыр» - дейді Қарағандыдан келген агроном Сатбай Шығанов.

Агрономдар аграрлық саланы цифрландыру бойынша дәріс алуда

Семинар бағдарламасы әрбір шаруашылық бойынша жеке ұсыныстар әзірлеу мақсатында тәжірибелік сабақтар өткізу, алқаптарды картографиялау негіздерін оқыту, агроқұрылымдар мониторингінде геоақпараттық жүйелерді пайдалану, аурулар мен зиянкестермен күрес әдістері, дақылдардың өнімділігін арттыру тәсілдері, жайылымдардың электрондық картасын жасау, вегетациялық индекс картасы және т.б. шараларды қамтиды.

Агрономдар аграрлық саланы цифрландыру бойынша дәріс алуда

«Қазір егіншілікпен айналысатын және айналысқысы келетін азаматтар бар. Бірақ көбі дәстүрлі егіншілікті таңдайды. Ол дегеніміз – иыққа кетпенді салып қойып, егін алқабын аралап жүріп егін егу. Дегенмен, қазіргі кезде бұл үрдіс ескірген. Қазір Елбасымыз айтқандай цифрлық кезең. Дәл егіншіліктің де тетігі осында. Кәсіпкер планшетін қолыңызға алып, оған өз егін алқабыңызды арнайы бағдарлама арқылы енгізіп, өз еңбегіңіздің жемісін өзіңіз бақылауға ұстап отыруға мүмкіндік бар. Біздің университет қазір осы денгейге жету мақсатында жұмыс атқарып жатыр» - дейді агрономдарға дәріс оқып жатқан PhD докторы Жанна Алманова.

Агрономдар аграрлық саланы цифрландыру бойынша дәріс алуда
Бурабайдың жағасындағы «Щучинск» демалыс орнында біліктілігін арттырып жатқан агрономдар университеттің ұйымдастыруымен, өздері қаржы төлеп дәріс алып жатыр.
Өзгелердің жаңалығы