Тоқаев: Адам капиталын дамыту – қазіргі маңызды мәселе

4 Шілде 2019, 15:25
5331
Бөлісу:
Тоқаев: Адам капиталын дамыту – қазіргі маңызды мәселе
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысы өтіп жатыр. 

Іс-шараны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашты.
IMG_3245-04-07-19-03-32.JPEG

«Әлемдегі күрделі жағдайға қарамастан Қазақстан шетелдік инвестициялардың тұрақты тартылуын қамтамасыз ете алды. Өткен жылы инвестициялардың жалпы көлемі 24,3 млрд долларды құрады. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 16 пайызға көп. Осының бәріне баршамыздың ұжымдық еңбегіміз бен өнімді жұмысымыздың арқасында қол жеткіздік. Дегенмен, алдымызда бірқатар қиындық та бар. Ғаламдық еңбек нарығын трансформациялау бүгінгі күнгі маңызды мега трендтердің бірі саналады. Ол білім беру, әлеуметтік қорғау салаларын қамтиды. Сондықтан бүгінгі жиында адам капиталын дамыту тақырыбын негізге алып отырмыз. Адам капиталын дамыту – қазіргі таңдағы әлемдегі аса маңызды мәселе», - деді отырысты ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев.

Атап өтсек, бүгінгі пленарлық отырыс тақырыбы: «Адам капиталын дамыту».

IMG_3241-04-07-19-03-32.JPEG

ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына премьер-министр Асқар Мамин, 300-ге жуық мемлекеттік орган, ұлттық және трансұлттық компания басшысы, халықаралық және қаржылық ұйым өкілдері қатысып отыр.

Өзгелердің жаңалығы