"Адалдық сағаты" жалпы республикалық акциясына 760 жасөспірім қатысты

28 Мамыр 2020, 12:01
4197
Бөлісу:
"Адалдық сағаты" жалпы республикалық акциясына 760 жасөспірім қатысты
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы "Адалдық сағаты" жалпы республикалық акциясы туралы айтып берді.

Дәстүлі түрде бұл акция еліміздің барлық білім ошағында тоқсан сайын өткізіліп келеді. Осы жолғы адалдық сағатының тақырыбы "Адалдықты мұра еткен ұлы Абай" болды. Басты мақсат ұлы ақынның еңбектері арқылы өскелең ұрпақтың ойына әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру. Қазіргі карантин жағдайында бұл акция алғаш рет онлайн форматта өтті. Оның аясында еліміздің барлық білім ошақтарында 760-тан астам жасөспірім қамтылды, - деді департамент директоры.

Сонымен қатар, аумақтық департаменттер мен адалдық алаң жоба кеңселерінің әлеуметтік желілеріндегі тікелей эфирлерінде көрсетілгендігін айтылды.

Бүгінгі күні агенттіктің YouTube парақшасындағы бейнедәріс қаралымы 220 мыңнан, жазылған пікірлердің саны 125 мыңнан асты. Ал агенттіктің аумақтық департаментінің facebook парақшасында бұл көрсеткіш керісінше аз. Ұлы Абайдың 175 жылдығы мерейтойына арнайы өткізілген агенттіктің осы шығарылым қоғам тарапынан қолдауға ие болды. Оның тәрбиелік маңыздылығы туралы қоғам белсенділері, білім саласын көрсету арқылы карантин жағдайында қашықтықтан білім алған оқушылар мен студенттер қамтылды. Нәтижесінде біршама мәселе көтерілді, - деді Ғанижан Асанұлы.
Сонымен қатар, департамент басшысы әлеуметтік желіде жастармен кейін де кері байланыс орнатылғанын айтты.
Бейнедәрістің таралуы жастар арасында парасаттылық жүйесін қалыптастырудың жаңа тетігіне айналды. Терең біліммен қатар адалдық пен парасаттылық құндылықтарының маңызын өз ғұламаларымыздың еңбектері арқылы жеткізу қоғам тарапынан жалпы қала тұрғындарының арасында мейірімділік, парасаттылық және әділділік туралы ой қозғаған. Адамға ең алдымен тәрбие берудің маңыздылығын атап өткен жөн. Сондықтан келесі оқу жылының алғашқы адалдық  сағаты ұлы Әбу Насыр әл-Фарабиге арналады, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы