ADAL партиясы сайлауға 16 кандидат ұсынды

4 Желтоқсан 2020, 15:37
2527
Бөлісу:
ADAL партиясы сайлауға 16 кандидат ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ОСК мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы қаулыны қабылдады.

2020 жылғы 27 қарашада ҚР ОСК-ға «ADAL» саяси партиясы» ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсынуға құжаттарды тапсырды. Олар саяси партияның VII съезінің партиялық тізімді ұсыну туралы 2020 жылғы 19 қарашадағы хаттамасынан үзінді көшірме, азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштері, партиялық тізімге енгізілген әр кандидаттың өмірбаяны, жеке куәлік көшірмесі, саяси партияның уәкілетті тұлғасы қол қойған және партиясының мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар, ҚР Әділет министрлігін ADAL халықтық демократиялық патриоттық партиясы қоғамдық бірлестігін мемлекеттік қайта тіркеу туралы құжаттың көшірмесі, кандидат пен оның зайыбының не жұбайының 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдайы бойынша кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды тапсырғаны жөніндегі Мемлекеттік кіріс органының анықтамасын тапсырды, - деді ҚР ОСК-ның мүшесі Асылбек Смағұлов. 

Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін ҚР Конституциясының 51-бабы 4-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандыруға, сонымен қатар 30-баптың 2, 3-тармақтарына және Конституциялық заңға сәйкес белсенді сайлау құқығына ие болуға тиіс.

ADAL саяси партиясының партиялық тізімінде 16 адам бар. Оның 5-еуі 29 жасқа толмаған әйелдер. Олар тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,2%-ін құрайды. ОСК уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың «Конституциямен сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам «Конституцияның және сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес келеді, - деп атап өтті ол. 

Айта кетейік, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар тізімге енгізілген әрбір кандидат үшін ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде ОСК-ның шотына сайлау жарнасын төлейді.

ADAL саяси партиясы тізімдегі әрбір 16 кандидат үшін 637 500 теңге көлемінде сайлау жарнасын енгізді. Бұл 10 млн 200 мың теңгені құрап отыр, - деді Асылбек Смағұлов. 

 

ОСК мүшелері 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы қаулыны қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы