Шығыс Қазақстанда Абай ескерткіші бой көтерді

23 Тамыз 2019, 12:18
4374
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда Абай ескерткіші бой көтерді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкпекті ауданына қарасты Самар ауылынды хәкім Абайдың ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы Бұқара.кз сайтында хабарланды.

4e8080a9fb2c8fc14a76c95c213baf5b.jpeg

Кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында бүгін Самар ауылында биіктігі 7 метрге жететін ескерткіштің ашылуы өтті. Өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімі Асхат Сайдахметов ұлы тұлғаның Самар ауылына келуіне сүбелі үлес қосқан азаматтар еңбегін атай келе ескерткішті жасап бітуге екі ай уақыт кеткенін айтты.

525814ad9254277a75253b0ffc0639d7.jpeg

Абайтанушы, ғалым Омар Жәлелдің айтуынша, ұлы ақынның ғибратты сөздерін ұдайы қайталап, біліп жүру - өскелең ұрпаққа, қалың жұртқа бағдаршам іспетті.

0809b8b51433d4a7214b3a3afcf5b50c.jpeg

"Бізге шетелдерден кеңесші, серік іздеудің қажеті жоқ. Атамыздың әр сөзі тұнған философия. Ұлы Абайдың иделогиясы - біздің Темірқазығымыз. Осы орайда аудан тұрғандырының қуанышы молайып, жарқын сәттері көбейе түссін дегім келеді", - деді Омар Жалел.

86aa8a4ed322d314a730b698175f877a.jpeg

Ескерткіш салтанатты түрде ашылған бойда қонақтарға шашу шашылып, жұрт естелік суретке түсе бастады. Ал Абай ескерткішінің авторы Әлібек Шоханов жауапты жұмысқа кірісерде үлкен ізденіс жасағанын тілге тиек етті.

Өзгелердің жаңалығы