Абай-175: Құнанбай туралы кітап шықты

4 Ақпан 2020, 16:03
5313
Бөлісу:
Абай-175: Құнанбай туралы кітап шықты
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мәскеудің "Молодая гвардия" баспасынан "Танымал тұлғалар өмірі" (ЖЗЛ) сериясымен Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың "Кунанбай" атты кітабы жарық көрді.

TEMA5997.jpg

Кітаптың тұсаукесерін ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Халықаралық Түркі академиясы, Қазақстан жазушылар одағы және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырды.

TEMA5925.jpg

Естеріңізде болса, бұған дейін автордың "Шәкәрім" атты жинағы да "Танымал тұлғалар өмірі" сериясымен шыққан.

 

Бұл кітаптарды "ЖЗЛ" арқылы шығарыуымның өзіндік себебі бар. Мысалы қазақ түсінетін Шәкәрімді орыс, ағылшын тілдерін пайдалана отырып шетелдік оқырмандарға жеткізсем деген ой. Осылайша Шәкәрім туралы орыс тілінде жазылған тарихи-биографиялық кітап Мәскеуде жарық көрген. Одан кейін бірден қытай баспагерлері, түрік баспагерлері, ағылшын баспагерлері менің рұқсатымды алып, сол тілдерге аудары. Қазіргі уақытта "Шәкәрім" кітабы алты тілде жарық көрді, - деді автор бұған дейін жарық көрген еңбегін еске алып.

 

TEMA6105.jpg

Оның айтуына қарағанда, "Кунанбай" тарихи өмірбаяндық кітапты жазу "Шәкәрімді" жазған соң ойына келген.

 

Мен кәсіби тарихшымын. Осы уақытқа дейін тапқан материалдарды жинақтап, кітап жазып, ол Мәскеуден шығып, бізді қуанышқа бөлеп отыр. Ал "Неге Құнанбай?" деген сұраққа келер болсақ, біз Құнанбайды Мұхтар Әуезовтің "Абай жолындағы" кейіпкер сияқты қабылдап келдік. Жазушының ұлылығының арқасында дүниеге осындай образдар келді, бірақ қанша айтқанмен ол - кітаптағы образ ғана. Құнанбай - тарихи тұлға. Оның нақты өмірі, қоршаған ортасы мен істеген істері болды. Құнанбайды зерттеген кезде таптық көзқарасты, партиялық принципті алып тастап, тарихи объективті көзқараспен көрсету керек болды. Бұл үлкен кешенді зерттеулердің бір бағыты ғана. Бұл кітапты жазу барысында Омбы, Новосібір, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстандағы арзив құжаттар қолданылды, - дейді ол.

 

TEMA5957.jpg

Аталған кітап 3 мың данамен жарық көрген. Автордың айтуына қарағанда алдағы уақытта қазақ тіліне аударылатын болады.

TEMA5960.jpg

Кітаптың таныстырылымына Мырзатай Жолдасбеков, Өмірзақ Озғанбаев, Алдан Смайыл, Дархан Қыдырәлі т.б. қатарлы осы сала мамандары мен депутаттар, зиялы қауым өкілдері мен тарихшылар қатысты.

Өзгелердің жаңалығы