Абай-175: Ақынның көне кітабы кітапханаға тарту етілді

29 Қаңтар 2020, 14:26
4063
Бөлісу:
Абай-175: Ақынның көне кітабы кітапханаға тарту етілді
PHOTO
Фото: автордан

 

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласының тұрғыны 84 жыл бұрын латын қарпінде жарық көрген Абайдың таңдамалы өлеңдер жинағын кітапханаға сыйға тартты.

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының шымылдығын күні кеше ғана ашқан Пушкин атындағы облыстық кітапхана ұжымы күтпеген қуанышқа кенелді. Кітапхананың қарт оқырманы болып келетін Николай Оспанов есімді азамат 1936 жылы латын қарпінде жарық көрген ақынның кітабын кітапханаға сыйға тартты. Әкесінен мұра болып қалған
көне кітапты көп жылдар бойы көзінің қарашығындай сақтаған қария бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан екен.

Абайдың "Таңдамалы әндер жинағы" деп аталатын кітап 1936 жылы Алматы қаласындағы "Көркем әдебиет" баспаханасында басылып шыққан екен.

Sequence 01.00_04_07_07.Still001.jpg


 

Кітапты біздің қолымызға тапсырған Николай Мырзақанұлы әкесінің осы кітапты оқығанын және оны көзі тірісінде ешкімге ұстатпағанын айтты. Бүгінде сексен екі жасқа толған қария құнды жәдігерді әкесі бақилық болғаннан кейін 36 жыл бойы көзінің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпақ оның қадірін біле ме, білмей ме, деген оймен ақыры кітапханаға тапсыруды ұйғарған екен. Ерекше кітап қолымызға тигенде балаша қуандық, - дейді Пушкин атындағы облыстық кітапхананың өлкетанушы-библиографы Зиза Сіләмова. 

Sequence 01.00_05_41_04.Still002.jpg


 

Алғашқы бетінде ойшылдың суреті басылған кітаптың парақтары түгел болмаса да, мамандардың айтуынша, оларды қалпына келтіруге болады. Кітаптың тағы бір ерекшелігі – ондағы әр өлеңнің қай жылы жазылғандығы. Яғни, әр өлеңнің тұсында оның жазылған жылы көрсетілген. Өлкетанушы маманның айтуынша, алдағы уақытта кітаптың электронды нұсқасы "Біздің Абай" электрондық кітапханасы арқылы әлмедік желіге тарамақ.

C0006.MP4.17_29_28_16.Still001.jpg


 

 

Бұған дейін кітапханамыздың сирек қорындағы Абай шығармаларының ең көнесі 1940 жылы жарық көрген кітабы болған. Көненің көзі болып сақталып қалған құнды жәдігерлер көпшіліктің үйінде бары сөзсіз. Өкінішке қарай, соны бағалап, көпшіліктің назарына ұсына білетін жандардың қатары аз. Біздің оқырманымыз болып келетін Николай Оспанов Глубокое ауданына қарасты Прогресс ауылында тұрады, - деп қосты Зиза Мұхтарханқызы.
 

C0005.MP4.17_29_17_09.Still001.jpg


 

 

Өзгелердің жаңалығы