"Ақ жол" партиясының атынан сайлауға түсетін үміткер анықталды

24 Сәуір 2019, 18:22
3108
Бөлісу:
"Ақ жол" партиясының атынан сайлауға түсетін үміткер анықталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында "Ақжол" демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы өтіп жатыр. Жиында партия атынан 6 адам сайлауға үміткер екенін мәлімдеді. 

Алты үміткердің қатарында Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Қуат Рахымбердин, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Асан Қошмамбетов, Атырау облыстық филиалының өкілі Серік Ерубаев, СҚО филиалының төрағасы Евгений Кинцель, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева мен Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев бар. 

Жиында барлық үміткерлерге қатысты бейнебаян көрсетілді. Одан кейін үміткерлер өздерін таныстырды. Сонымен қатар, олар сайлау алды ұсыныстарын жариялап және делегаттардың сұрақтарына жауап берді.

Құрылтай соңында делегаттар ашық және құпия дауыс беру арқылы президент сайлауына қатысатын үміткерді анықтады.

Алтаудың арасында Мәжіліс депутаты Дания Еспаеваны қолдаушылар көп болды. Енді, 9 маусымда өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына  "Ақжол" партиясы атынан Дания Еспаева қатысады.

Айта кетейік, Дания Мәдиқызы 1961 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Ақтөбе облысындағы КСРО мемлекеттік банкінің басқармасындағы несиелендіру бөлімінде экономист болып бастаған. Жалпы, Ақтөбе облысында екінші деңгейлі банктердің бірнешеуінде басшылық қызмет атқарған. Ал 2016 жылы Парламент Мәжілісіне депутат болып сайланған.
Өзгелердің жаңалығы