Ақ үй Трампқа қарсы импичмент жариялау процесіне қатысудан бас тартты

10 Қазан 2019, 07:39
2019
Бөлісу:
Ақ үй Трампқа қарсы импичмент жариялау процесіне қатысудан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, осыған байланысты мемлекет басшысының адвокаты өкілдер палатасының спикері мен бірқатар комитет басшыларына хат жолдаған. Онда «демократтардың Трампқа қарсы тергеу жұмыстарына ешқандай конституциялық негіз жоқ» делінген.

Сонымен қатар хатта Ақ үй бұл іске қатысудан бас тартатыны да жазылыпты.

Айта кетсек, Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесем деп Дональд Трамптың басы дауға қалған еді. Осыдан кейін АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар Трампқа импичмент жариялау процесін бастады.




Өзгелердің жаңалығы