Ақтаулық полицейлер марихуана салынған бөшкені тапты

9 Қараша 2019, 14:59
3000
Бөлісу:
Ақтаулық полицейлер марихуана салынған бөшкені тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау полицейлері тінту кезінде марихуана салынған бөшкені тауып алды, деп хабарлады Zakon.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті есірткі алынып, осы факті бойынша күдікті ұсталғанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері өндіріс базасына тінту жүргізу кезінде ішіне "марихуана" есірткі заты салынған 200 литрлік металл бөшкені тапқан. Бөшкеде 71 келіден астам есірткі болған.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар белгіленді,- деп хабарлады департамент.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Өзгелердің жаңалығы