Ақтөбеде түйеқұс өсіретін шаруашылық салынады

4 Ақпан 2019, 11:18
2868
Бөлісу:
Ақтөбеде түйеқұс өсіретін шаруашылық салынады

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбенің Алға ауданы, Тамды ауылында түйеқұс өсірілетін болады.

Бүгінгі таңда шаруашылық үшін Тамды ауылында 40 гектар жер бөлінген. Мұнда түйеқұс, қоян және көкөніс өсірілетін болады, деп жазады Aktobenews.kz.

«Шаруашылықтың жұмысы ерекше. Төменгі қабатта түйеқұс өсіріліп, жоғары қабатта көкөніс егіледі. Екі қабатты жылыжай бұл. 2400 бас құс өсіріліп, 4 ай күтім болады. Қоян үш ай өсіріледі. Жобалық құны - 357 миллион теңге. Құрылыс биыл басталып, аяқталады», - деді Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров.

Өзгелердің жаңалығы