АҚШ-та бір тәулікте екі мыңға жуық адам коронавирустан мерт болды

10 Сәуір 2020, 10:14
1527
Бөлісу:
АҚШ-та бір тәулікте екі мыңға жуық адам коронавирустан мерт болды

Алматы, BAQ.KZ. Соңғы тәулікте аталған елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1904 адам көз жұмды. Мұндай деректі Джонс Хопкинс университеті келтірді.

Осылайша АҚШ-та коронавирустан өлегендер саны өткен күнге қарағанда 69 адамға кеміп отыр. 

Бұл елде жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны  465 750 жетіп, оның 16 672 көз жұмған. Жазылып шыққандар 16 672 адам.

Бір тәулік бұрын АҚШ-та инфекциядан өлгендердің рекордтық көрсеткіші тіркелгені хабарланған. Америка президенті Дональд Трамп елде инфекция таралуының шарықтау шегіне жеткендігін мәлімдеген еді, өйткені кейбір штаттарда қатерлі індеттің таралуы төмендегені байқалады.
Өзгелердің жаңалығы