Қазақстан құс тұмауынан таза болып шықты

23 Қазан 2019, 10:32
11443
Бөлісу:
Қазақстан құс тұмауынан таза болып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының ресми сайтында Қазақстан құс тұмауынан таза ел деп танылған ақпарат жарияланды. Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл Қазақстан Республикасының барлық ветеринарлық қызметінің, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты ұжымдарының үлкен еңбегі.

"Құс шаруашылығы саласы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің маңызды құрамдас бөлігі, оның негізгі бағыттары - жұмыртқа және ет өнімдері болып саналады. Құс тұмауынан таза ел мәртебесі еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін іске асыруға үлкен мүмкіндік береді және Қазақстанның экономикалық дамуы мен имиджіне оң әсерін тигізетіні анық", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының жаңа нарықтарды ашу туралы тапсырмасын орындау мақсатында атқарылған жұмыстардың алғашқы көрінісі деп атауға болады.
Өзгелердің жаңалығы