8,5 мыңнан аса қазақстандық бірыңғай зейнетақы төлемдерін алды

1 Ақпан 2021, 16:55
1983
Бөлісу:
8,5 мыңнан аса қазақстандық бірыңғай зейнетақы төлемдерін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғашқы біржолғы зейнетақы төлемдері 8 693 қазақстандықтың арнайы шоттарына түсті. Бұл туралы Отбасы банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Біржолғы зейнетақы төлемдері 8 693 қазақстандықтың арнайы шоттарына түсті, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Отбасы банкі біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалануға арналған өтінімдерді 2 жұмыс күні ішінде қарайды және БЖЗҚ қаражатты өтініш берушінің арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде аударады.

Ақша түскеннен кейін жеке кабинеттегі ақпарат жаңартылады және 45 күн ішінде құжаттарды жүктеп тізімнен банкті таңдау мүмкіндігі пайда болады.

enpf-otbasy.kz жеке кабинеті арқылы жүктелген файлдар мақұлдағаннан кейін қабылдаушы тарапқа: сатушыға/банкке/ипотекалық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде, көрсетілген деректемелерге қаражат аударылады.

Отбасы банкі алғашқы төлемдерді алған қазақстандықтарды құттықтап, қаражатты қолдануда сәттілік тіледі.

Өзгелердің жаңалығы