Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 7 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Оқи отырыңыз:
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз Ақмола облысында 23 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 23 м/с дейін жетуі ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, Алматы облысының кей жерінде көктайғақ көктайғақ күтіледі.