6 қарашаға арналған ауа райы болжамы

6 Қараша 2019, 08:21
1915
Бөлісу:
6 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбіде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Кей жерде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады, тек республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз болады. Кей жерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ, солтүстік пен шығыста жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерінде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында кей жерде 15-20 м/с жел күшейеді.        
Өзгелердің жаңалығы