5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

5 Қыркүйек 2019, 08:09
2036
Бөлісу:
5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік циклонның өтуіне байланысты 5 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады – кей жерде жаңбыр жауып,  найзағай ойнайды, дауыл тұруы ықтимал.

«Қазгидромет» РМК-дан хабарлағандай, жауын-шашынсыз ауа райы елдің тек батысында сақталады. Республиканың кей өңірінде тұман, бұршақ, екпінді жел күтіледі.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақтан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман, күндіз дауыл, 15-25 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Қостанай облысының кей жерінде бұршақ, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болжанады.

Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с артады, түнде және таңертең тұман, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.  

Қызылорда облысында - дауыл, Павлодар облысында түнде кей жерінде - тұман, Қарағанды облысының кей жерінде бұршақ болжанады.              

Сондай-ақ Түркістан, Атырау облыстарында, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Алматы, Ақтөбе облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.              

Бұдан басқа, түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде топырақ үстінде 1-3 градус үсік жүреді.


Өзгелердің жаңалығы