5 көлікті соққан қарағандылық қамалды

21 Қазан 2019, 15:25
3518
Бөлісу:
5 көлікті соққан қарағандылық қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 5 көлікті соққан Lexus 570 автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады. 

"Lexus 570 автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне қызмет атқару барысында кедергі келтірген азаматтарға әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада. 
Естеріңізге сала кетейік, 20 қазанда сағат 20:57 шамасында 102 нөміріне  Степной 4 ықшам ауданында Land cruiser автокөлігінің жүргізушісі аулаға қойылған автокөліктерді соғып, өзі оқиға орынында ұйықтап қалған еді.
Өзгелердің жаңалығы