42500 теңге. Жұмыссыз жүргендер басқа төлем алады

16 Шілде 2020, 14:29
4197
Бөлісу:
42500 теңге. Жұмыссыз жүргендер басқа төлем алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР президенті жанрындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. 

Шілде айына төленетін 42 500 теңге төлеміне өтініштер ертең басталады. Ол бойынша ережелер әділет министрлігіне жолданды, бүгін тіркеледі деген үміттеміз. Төлемнің негізгі қағидаты жұмыс істеп жүріп, карантин шектеулеріне қатысты табысынан айырылған азаматтарға төленеді, - деді ол. 
Министр төлем алудың ережелерін тағы еске салды. 
Егер мен жұмыстан шыққан жағдайда өтініш қалай беріледі? деген сұрақтар келіп жатыр. Бұл жағдайда жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жөн. Сіздерге сол жердегі бос жұмыс орындар туралы немесе өзге нұсқаларды ұсынады. Егер де ол сәйкес келмесе, 3 күн ішінде жұмыссыз болып тіркеледі. Оларға сақтандыру қорынан басқа төлемді, яғни жұмыссыздарға берілетін төлем төленеді. Ол төлем 6 айға дейін созылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы