42 500 теңге: Жеке куәлігінің мерзімі өткендер әлеуметтік көмек ала ма?​

21 Сәуір 2020, 15:39
4038
Бөлісу:
42 500 теңге: Жеке куәлігінің мерзімі өткендер әлеуметтік көмек ала ма?​

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеке куәлігінің мерзімі карантин кезінде өтіп кеткен азаматтар жәрдемақы тиесілі болған жағдайда өтінім бере алады.

Бұл туралы ​Жергілікті өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облысы бойынша ​Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Алмагүл Шатенова хабарлады.​

42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы тиесілі санаттағы азаматтың жеке куәлігінің мерзімі карантин жарияланғаннан өтіп кеткен болса, мұндай жағдайда ​ жәрдемақы тағайындалады.​ Ал карантинге дейін куәлік мерзімі өткендерге төлем төленбейді, - деп түсіндірді спикер.​

Сондай ақ, Алмагүл Шатенова қандай жағдайда әлеуметтік көмектің берілмейтініне түсінік берді.

Мемлекет тарапынан тағайындалған жәрдемақы ұлттық басқару холдингі, ұлттық холдинг, ұлттық компания қызметкерлеріне төленбейді. Сонымен бірге, Қазақстанда тұрмайтын азаматтарға, ​бірнеше жерде жұмыс жасап жүргендерге және соңғы бір жыл бойына ешқандай ​әлеуметтік төлем, зейнетақы төлемдері түспеген азаматтарға берілмейді.​ Карантин кезінде қайта жұмысқа шыққан азаматтарға немесе адам қайтыс болған жағдайда әлеуметтік ​төлем толықтай тоқтатылады, - деп нақтылады ол.

Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша әлеуметтік төлем бойынша бір күнде 10-15 мың өтінім қаралуда.​ 

Еске сала кетейік, күні бүгінге дейін Атырауда 107 340 адамға 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы төленді.​

Өзгелердің жаңалығы