42 500 теңге. 2,3 млн-нан астам қазақстандық біржолғы төлем алды

17 Тамыз 2020, 10:21
1980
Бөлісу:
42 500 теңге. 2,3 млн-нан астам қазақстандық біржолғы төлем алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2,3 млн-нан астам қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

17 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 564 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 341,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 328,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, - делінген хабарламада.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 564 мыңнан астам өтінімнің ішінде:

– 834,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
– 666,5 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 401,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 660,7 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;
– 0,3 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 834,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
– 252,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
– 1 млн 477 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 350,3 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 341,1 мың қазақстандыққа аударылды.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы