Бас жаңалықтар
Жаңбыр мен жел: 4 сәуірге арналған ауа райы болжамы
04 Сәуiр 2019, 08:15 1310

Жаңбыр мен жел: 4 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.  
Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста  найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі. 

Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі  мүмкін.

Алматы, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал. 

Ақмола  облысының кей жерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Атырау облысының кей жерінде тұман, түнде желдің күші 15-20 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.


Загрузка...