Бас жаңалықтар
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
04 Сәуiр 2019, 08:57 352

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары бейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 4 сәуірде Балқаш және Теміртау қалаларында, сондай-ақ түнде және таңертең Нұр-Сұлтан қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сізден жаңалық