27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

27 Желтоқсан 2019, 08:08
2516
Бөлісу:
27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша жұмада еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Қазақстан аумағының батыс бөлігіне Қара теңіз аймақтарынан ауысатын циклон әсер етеді, сондықтан батыс пен солтүстік-батыстың кей жеріңде жаңбыр, қар жауады. Қалған өңірлерде атмосфералық қысым жоғары болады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал, жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Муғалжар ауданында желдің екпіні 18 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерінде тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ, жел тұрады, жылдамдығы 18 м/с.

Алматы облысының түнде кей жерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, Атырау облысында көктайғақ болады.




Өзгелердің жаңалығы