25 жастағы ауыр атлет неден көз жұмғаны белгілі болды

17 Қыркүйек 2021, 11:48
2597
Бөлісу:
25 жастағы ауыр атлет неден көз жұмғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Альберт жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған.

Еске салайық, спортшының көз жұмғаны туралы Ауыр атлетика федерациясы бұған дейін хабарлаған болатын.

Альберт Линдер 25 жаста еді.


Өзгелердің жаңалығы