22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

22 Сәуір 2019, 08:15
1765
Бөлісу:
22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей жерінде жауын-шашын, тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашын болмайды. Кей жерінде тұман болып, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Қарағанды, түнде және таңертең Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, Қарағанды облысында көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерінде найзағай, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы