Электр энергиясы саудасы 30%-ға дейін артады

22 Маусым 2021, 10:17
1705
Бөлісу:
Электр энергиясы саудасы 30%-ға дейін артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин 2025 жылға дейін ұйымдастырылған электр энергиясы саудасы кем дегенде 30%-ға дейін артатынын айтты.

Үкіметте агенттік төрағасы мемлекеттік қолдау мәселесіне де тоқталды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдауды дербестендіру жүріп жатыр. Көбіне ірі бизнеске қолдау көрсетіліп келеді. ШОБ үлесін, мемлекеттік қатысу деңгейін, кедергілердің болуын, нарықтық шоғырлану деңгейін ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің бәсекелестік принциптерін әзірлейміз, - деді Жұманғарин.

Ол Цифрлық экономиканы реттеу жұмысы туралы айтып берді.

Біз қазірдің өзінде цифрлық экономика дәуіріне аяқ бастық. Әрине реттеудің бүгінгі әдістері біршама ескірген. Сол себепті цифрлық платформаның түсініктерін, желілік тиімділікті және цифрлық нарықтарды талдаудың жаңа әдіснамасын анықтау қажет, - деп айтты агенттік басшысы.

Айтуынша, электр энергиясы нарықтарындағы бәсекелестік те маңызды.

Бүгінгі таңда ұйымдастырылған сауда-саттықта электр энергиясының тек 1%-ы сатылады. Қалғаны ашық емес, тікелей келісімшарттар бойынша сатылып жатыр. Осыған байланысты 2025 жылға дейін ұйымдастырылған электр энергиясы саудасы кем дегенде 30%-ға дейін артады, - деп баяндады ол.

Сонымен қатар агенттік электр энергиясымен жабдықтау нарығында саралауды жоспарлап отыр. Бұл жыл сайын 20 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

131 млрд теңге ШОБ үшін шығын бөлігі үнемделіп, біздің есебіміз бойынша тұрғын үйге көмек ретінде 720 млн теңгеге артады.

Еске салсақ, Жұманғарин бәсекелестікті дамытудың негізгі бағыттарын атады.

Өзгелердің жаңалығы