Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Пандемия кезіндегі дағдарыс көп нәрсені бағалауды үйретті. Мәселен, дәрігерлердің еңбегін бағалауды. Мамандықтықтың маңыздылығы материалдық қолдаумен де сүйемелденуі керек. Бюджетті нақтылау кезінде 150 млрд теңгені екінші жарты жылдыққа медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін бөлуді тапсырамын. Біз қазір дағдарыс кезінде осылай істеп жатырмыз, алайда бұл жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек, - деді ол.
Тоқаев 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болатынын айтты.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Алайда отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуі керек, - деді Президент.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.