2020 жылы әлеуметтік қорғау жүйесінің кейбір қызметкерінің жалақысы артады

25 Желтоқсан 2019, 04:22
3330
Бөлісу:
2020 жылы әлеуметтік қорғау жүйесінің кейбір қызметкерінің жалақысы артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ауруханада, жартылай госпитальда, үйде күтім жасау және уақытша тұру жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері үшін психоэмоционалдық және физикалық белсенділігі үшін қосымша ақы енгізіледі, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл қосымша ақы арнайы қызметтерді тікелей ұсынатын жұмысшылардың еңбегінің күрделілігі мен жоғары қарқындылығына байланысты сараланады.

Атап айтқанда, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (паллиативтік көмек бөлімшелерін (палаталарын) қоспағанда): басқару персоналына – лауазымдық жалақыдан (бұдан әрі - ЛЖ) 30%; негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда) – ЛЖ-дан 35%; әлеуметтік қызметкерлерге, санитарларға – ЛЖ-дан 40% қарастырылады.

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің паллиативтік көмек бөлімшелерінде (палаталарында): барлық мамандықтағы тәрбиешілерге, медбикелерге, санитарларға – ЛЖ-дан 60% қарастырылады.

Үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының қызметкерлеріне: басқарушы персоналға –ЛЖ-дан 15%; негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда) – ЛЖ-дан 20%; әлеуметтік қызметкерлерге – ЛЖ-дан 35%; санитарларға – ЛЖ-дан 20% қарастырылады.

Жоғарыда көрсетілген санаттағы қызметкерлердің жалақысын арттыруды қаржыландыру үшін 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте жыл сайын 8,4 млрд теңге көзделген, - делінген хабарламада.

 

 

Өзгелердің жаңалығы