2020 жылы ғылымға бөлінген қаражат қайда жұмсалғаны айтылды

27 Қаңтар 2021, 15:35
1993
Бөлісу:
2020 жылы ғылымға бөлінген қаражат қайда жұмсалғаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ғылымды дамыту бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар мен 2021 жылға арналған міндеттер туралы өткен аппарат жиналысында Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева айтты.

2020 жылы ғылым саласындағы жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмалары, білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және тікелей өзіңіздің тапсырмаларыңыздың негізінде іске асырылды. Оның басты бағыттары, біріншіден ғылымды қаржыландырудың көлемін арттыру іске асыру және тетіктерін жетілдіру. Министірлік тарапынан ғылымды қаржыландыру 63 пайызға артты. Өткен жылы 5 гранттық конкурс жарияланып, жаңа 622 ғылыми жоба қаржыландырылды. 30 қаңтарға дейін екінші жас ғалымдардың конкурсы бойынша ұлттық ғылыми кеңестер тиісті шешімдер қабылдайтын болады, – деді Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева.
Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес бөлінген қаражатқа 22 ғылыми зерттеу институттары 469 құрал-жабдық түрін сатып алды. Ғылым жүйесінің негізгі құрылымдарының қызметін жетілдіру де басты назарда тұрды.
Жоғары ғылыми техникалық комиссияның 4 отырысы өтті. Мұндай отырыс соңғы рет 2012 жылы «Ғылым туралы» заң қабылданғаннан кейін ғана өткен. Бұл да үкімет басшылығының ғылым саласына назар аударғандығын көрсетеді, - деді ол.

Сондай-ақ, өткен жылғы конкурс жеңімпаздарының 20 пайызы бұрын ешқашан грантқа ие болмаған. Олардың арасында ғалымдардың көпшілігі өңірлерден.

Олжас Адай

Өзгелердің жаңалығы