2019 жылы Қазақстаннан 41 мыңнан аса адам кеткен

15 Қаңтар 2020, 21:29
1655
Бөлісу:
2019 жылы Қазақстаннан 41 мыңнан аса адам кеткен

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында 41 819 адам Қазақстаннан кеткен, бұл 2018 жылдың осы мерзіміндегіге қарағанда, 6,3% көп. Бұл туралы Курсив басылымы жазды.

Республикадан кеткендердің көпшілігі ТМД елдеріне бағыт алған, мұндайлардың саны –37 890 адам (бір жыл бұрын 35 544 адам болған). Басқа елдерге 3 929 адам бет алған (бір жыл бұрын 3 813 адам болған).

2019 жылғы қараша-қаңтарда 2018 жылғы қараша-қаңтармен салыстырғанда, Қазақстанға келушілердің саны 5,2%-ға азайған - республикаға 10 949 адам келген, оның ішінде, ТМД елдерінен 8 505 адам келсе, Қазақстаннан кеткендердің саны 6,3% ұлғайған.

Негізгі көші-қоң алмасуы ТМД мемлекеттері арасында орын алып отыр. ТМД елдерінен келгендердің және осы елдерге кеткендердің саны тиісінше, 77,7% және 90,6% құрады.

Осылайша, көші-қоңының теріс сальдосы сақталуда – минус 41 819 адам, яғни Қазақстаннан кеткендердің саны елге келгендер санынан 28 468 адамға артық.

 Ел ішінде қоныс аударушы мигранттардың саны 23,7%-ға ұлғайып, 1 млн 13 мың адамға жеткен. Аймақаралық қоныс аударудың оң сальдосы еліміздің төрт өңірінде орын алған: Маңғыстау облысы (1 060 адам) мен Нұр-Сұлтан (32 011 адам) Алматы (36 858 адам) және Шымкент (2 545 адам) қалаларында.
Өзгелердің жаңалығы