2018 жылы тұрғын үй құрылысына 1,2 трлн инвестиция тартылды

21 Ақпан 2019, 11:16
2049
Бөлісу:
2018 жылы тұрғын үй құрылысына 1,2 трлн инвестиция тартылды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы елдегі құрылыс саласына 3,8 трлн теңге, соның ішінде, тұрғын үй құрылысына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылған. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. 


«Құрылыс саласы жыл сайын тұрақты өсу қарқынын көрсетіп келеді. Жалпы ішкі өнім құрылымына құрылыс саласы 5,5% құрайды. Жалпы, аталған салаға 2018 жылы 3,8 трлн теңге  инвестиция жұмсалды. Бұл алдыңғы жылғы деңгейден 4,1% артық. Оның ішінде, тұрғын үй құрылысы министрліктің ерекше бақылауында. 2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына 1,2 трлн теңге инвестиция қаралды. Ол 2017 жылғы деңгейден 8,1% артық», - деді вице-министр. 

Оның айтуынша, бұл мемлекеттің жұмсаған 1 теңгесі 6 теңге көлемінде үкіметке қайтарылған. Сондай-ақ, 113 мыңнан астам отбасы өз тұрғын үй жағдайын жақсартқан. 

«Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсу қарқыны елдің барлық өңірінде байқалады. Бұл ретте, ең көп өсімді Маңғыстау, Атырау, Түркістан және Жамбыл облыстары көрсетті. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең көп көлемі бойынша алдыңғы қатарда Астана (2,4 млн ш.м.), Алматы (2 млн ш.м.), Маңғыстау облысы (1,2 млн ш.м.), Ақтөбе облысы (908 мың ш.м.)», - деді министрдің орынбасары. 

Ақпаратқа сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында 100 мыңнан астам қазақстандықтың тұрғын үй жағдайы жақсартылған.

Ақмарал ШАҒАТАЙ

Өзгелердің жаңалығы