Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

2 Мамыр 2021, 10:32
1364
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Батыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерінде тұман сақталады, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін артуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Қызылорда облысының кей жерінде желдің екпіні күндіз 23-28 м/с жетеді. Шаңды дауыл тұрады. Жамбыл облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с артады. Шаңды дауыл соғады. Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең тұманды болады. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, күндіз Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болады. Түнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Өзгелердің жаңалығы