18 мамырға арналған ауа райы болжамы

18 Мамыр 2020, 08:03
2255
Бөлісу:
18 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 мамырда құбылмалы ауа райының әсерінен елдің басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Республика бойынша әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр, оңтүстікте және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, желдің күшеюі, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, күндіз желдің екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, жел екпіні 15-20 м/с дейін, күндіз 23-28 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м/с, түнде және таңертең тұман байқалады.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман, бұршақ болуы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, жел екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, күндіз кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді.

Түнде Атырау облысында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде жел тұрады, жылдамдығы 18 м/с.

Алматы, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде күн күркірейді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Өзгелердің жаңалығы