13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

13 Желтоқсан 2019, 08:18
2482
Бөлісу:
13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмада солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Республиканың кейбір аумағында жауын-шашын болады, ал кей жерінде жауын-шашын, қар мол көлемде түседі. Тек Қазақстанның шығысы антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады.

Республикамыздың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болады.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.

Түркістан облысында күндіз екпіні 25 м/с жел соғады.



Өзгелердің жаңалығы