Бүгін 13 күнде салынып біткен инфекциялық аурухана ашылды

23 Сәуір 2020, 22:59
3185
Бөлісу:
Бүгін 13 күнде салынып біткен инфекциялық аурухана ашылды
PHOTO VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қалалық жұқпалы аурулар орталығы 200 орынға шақталған.

Бүгін Нұр-Сұлтанда "BI Group" компаниясы 13 күнде салып біткен инфекциялық аурухана ашылды. Қалалық жұқпалы аурулар орталығы 200 орынға шақталған.

224E701B-D3A1-49D5-A357-C0526A2378EA.JPEG

Құрылысына республикалық бюджеттен 5,5 миллиард теңге бөлінген медициналық мекеменің жалпы аумағы 7 мың шаршы метрді құрайды. Аурухана медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталған. 19 сәуір күні "BI Group" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев әлеуметтік желілерде аурухана құрылысы аяқталғанын айтқан еді.

23E93743-5DAB-4A4B-AD3C-5DD352BBAAAC.JPEG

33CB2409-4801-4243-B455-FADB4975DF0A.JPEG

Бүгін елорда әкімдігі ұйымдастырған журналистерге арналған баспасөз туры барысында Жоба жетекшісі Айдан Нарымбаев жобада тәулік бойы мыңға тарта адам жұмыс істегенін айтты.

08EFD0CD-DD9E-4F79-BC6C-C575787A3DFD.JPEG

09969AF8-E1D7-4C43-BA41-3A4F411871CD.JPEG

MODEX зауытында жасалған модульдік темірбетон блоктары аз уақыттың ішінде құрылысты аяқтауға мүмкіндік берді. Жобада тәулік бойы мыңға тарта адам жұмыс істеді. Құрылысшылар мен жобалаушылар, дәрігерлер ерен еңбек етті. Аз уақыттың ішінде жұмысты бітіруге компания қызметкерлерінің ауызбіршілігі мен ынтымақтастығы үлкен үлесін қосты. Әрине, қиындықтар болды. Алайда, ешкім лауазымына қарамай, алға қойған міндетті орындау үшін тұтас BI жұмыскерлері жұдырықтай жұмылды, - деді ол.

Жоба директоры Арман Лесбековтің айтуынша, жобаға жалпы 5,5 миллиард теңге бөлінген.

Кездескен қиындықтарға келер болсам, бізге жұмысшы қолы жетіспеген кездер болды. Сол кезде ұшақтарды тартуге тура келді. Дәрігерлер орталыққа бізбен бірге кірді деуге болады. Олар жобалау процесіне басынан қатысты. Ал, құрылысқа біз тұрғын үйлерге қолданылатын заттарды пайдаландық, өз есептеуіміз бойынша, орталықтың қызмет ету мерзімі елу жыл. Бұл орталықты салу барысында BI-дың өзге объектілеріндегі жұмыс тоқтаған жоқ. Әрине, карантинге байланысты тоқтаған жұмысты есептемегенде, - деді ол.

Қалалық жұқпалы аурулар орталығының директоры Анна Цепке орталықтың ерекшеліктеріне тоқталды.

Кез келген инфекциялық ауруханада инфекциялық бақылау стандарты деп аталатын белгілі бір талаптар болады. Жұқпалы аурулар ауруханасында ең маңыздысы осы. Бұл клиникада инфекциялық клиниканың барлық талаптары сақталған. Мұнда ең бастысы - палаталардағы ауа дәлізге шықпайды. Бұл дегеніміз - вирус аурухананың іші мен жұмыс ұжымы арасында таралмайды. Сондай-ақ, аурухана екі аймаққа бөлінген. Оның бірінде пациенттер болса, екінші аймағы дәрігерлердің демалысына арналған. Тағы бір айта кетерлігі, аурухана қала сыртында орналасқан. Бұл да, өз кезегінде маңызды талаптардың бірі, - деді ол.

Орталық директорының айтуынша, бұл клиникада коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар ғана емес, сонымен қатар, кез келген жұқпалы дертке шалдыққан адамдар да емделе алады.

Аурухана түрлі жұқпалы дертке шалдыққандарды емдеу үшін түрлі диагностикалық, зертханалық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Мұнда 362 қызметкер жұмыс істейтін болады, оның 71-і дәрігер, 122 медицина қызметкері және қалғаны өзге қызметкерлер. Клиникада жалпы 5 инфекциялық бөлімше бар, ең маңызды бөлім – реанимация бөлімі. Ол 20 орынға шақталған. Дәрігерлер ауруханаға кірген кезде бірден қажетті қорғаныш киімдерін киеді. Бұл вирустың алдын алу алуға мүмкіндік береді. Тағы айта кету керек, аурухана коронавирус инфекциясымен күрес үшін уақытша салынған жоқ, орталық кейін де жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды емдеуге бағытталған. Инфекцияның түрі көп, ал бұл клиникада соларды емдеу үшін барлық жағдай жасалған, - деді Анна Цепке.

Сондай-ақ, директор қытайлық дәрігерлердің орталыққа қатысты пікірімен де бөлісті.

Қытайлық әріптестердің бізге баса айтқаны – желдеткіш жүйесіне қатысты болды. Сонымен қатар, жеке қорғаныш заттары, бөлімшелердің айқын аймақтарға бөлінгені персоналды қорғауда аса маңызды екенін айтты, - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та дәл осы аурухананы аралап шыққан еді.


Өзгелердің жаңалығы