12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

12 Қыркүйек 2019, 08:16
1716
Бөлісу:
12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасының орналасуына байланыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Тек республиканың солтүстік және шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр жауады, шығысында түнде  кей жерде  қатты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Кей жерде тұман, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен, шығысында бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде  жел 15-20 м/с күшейеді,  Қызылорда облысында шаңды дауылмен, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар,  Қарағанды облыстарының кей жерінде топырақ бетінде үсік 1-3 градус күтіледі.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде,  Карағанды облысының кей жерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік –батысында  өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Өзгелердің жаңалығы