12 тамызда Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай?

12 Тамыз 2020, 08:55
1443
Бөлісу:
12 тамызда Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 тамызда Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

Синоптиктердің болжамынша, сәрсенбі күні тек Балқаш қаласында ауа сапасының ластануы күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы