12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні

12 Мамыр 2019, 11:09
5283
Бөлісу:
12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Халықаралық медбикелер күні аталып өтілуде. 

International Nurses Day мерекесін жыл сайын 12 мамырда атап өтіп жүр. Бұл мейрам Халықаралық медбикелер кеңесінің (ICN) аясында тойланады.

Ең алғаш бұл бастама 1953 жылы көтерілген. Бірақ ресми түрде тек араға 12 жыл салып, 1965 жылдан бастап тойлана бастады. Ал 1974 жылы ICN аталған мейрамды мамырдың 12-сі күні тойлауды ұйғарды. Өйткені, дәл осы күні медбикелер қызметінің негізін қалаушылардың бірі Флоренс Найтингел дүниеге келген. 

Жыл сайын Халықаралық медбикелер кеңесі 12 мамырды ерекше атап өтуге тырысады.

Өзгелердің жаңалығы