11 мыңнан 8 мыңға төмендеді: Цой КВИ жұқтыру азайғанын айтты

10 Маусым 2021, 09:24
2089
Бөлісу:
11 мыңнан 8 мыңға төмендеді: Цой КВИ жұқтыру азайғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді. Республика 6 маусымнан бастап «жасыл» аймаққа өтті. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Бүгінгі таңда әлем бойынша КВИ-дің 174 728 428 жағдайы тіркелді. Күніне шамамен 354 мыңнан аса жағдай анықталып отыр. 3,7 млн-нан аса адам індеттен көз жұмды. Өлім көрсеткіші - 2,1%.

Министрдің сөзінше, Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде КВИ жұқтыру көрсеткіші бойынша 105-орында және өлім көрсеткіші бойынша 111-орында.

Қазақстанда 10 маусымдағы жағдай бойынша ПТР тесті оң 397 976 жағдай анықталса, ПТР тесті теріс 55 999 жағдай тіркелді.

Қазақстан 6 маусымнан бастап «жасыл» аймақта орналасқан. «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр. «Сары» аймақта 6 өңір – Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстары және БҚО. «Жасыл» аймақта 10 өңір бар. Олар – Жамбыл, Қостанай, ШҚО, Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Алматы облыстары және Шымкент қаласы, - деп атап өтті ол.

Республикада КВИ індетін жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді. Соңғы аптада КВИ-дің анықталған жағдайы 11 мыңнан 8 мың жағдайға дейін төмендеді. Мамырдың басынан бері ауру жұқтыру 1,2 есеге төмендеді.

Өзгелердің жаңалығы